Текст
МКҚК №36 «Аққу» бала бақшасындағы №5 «Гүлдер» мектепалды даярлық тобымен үш тілде «Саяхат» атты ойын сабағы өткізілді. Бұл сабақтың мақсаты балалардың үш тілділік білімін жетілдіру. Сабақта әртүрлі әдістер мен технологиялар қолданылды. Атап айтқанда мнемотаблицалар, ӨТШТ, АКТ, ойын технологиялары. Балалар қонаққа келген Буратиномен үш тілде тапсырмаларды орындады.