"Бэйби Бум" ЖШС қарамағындағы  "Аққу" балабақшасы
Детский сад  "Акку" при ТОО "Бэйби Бум" 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақшада баланың тілін дамыту мәселелері.

13.01.2017

Балабақшада баланың тілін

дамыту мәселелері.

Тіл-мәдени

қазынаның қайнар бұлағы. Тіл-өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тіл-татулық

тірегі. Тіл-халықтың жаны, ділі, рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысы. Ұлттың

қуаты-тілінде. Тіл-әр ұлттың жан дүниесі болғандықтан оны ұлтымыздың болашағы

балабақшадан бастаған абзал. Ол үшін, балалардың қазақша ойлауын, қазақша

сөйлеуін қамтамасыз ететін тілдік орта қалыптастыруымыз керек. Бала

тәрбиесіндегі мамандар, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың сапасын арттыруға

және оны өз басынан бастау қажеттілігін сезіну, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,

дұрыс сөйлеу, тілге құрметпен қарауға баса назар аударуымыз қажет.

        Балабақшада баланың тілін дамыту

жұмыстары бағдарламаға сәйкес төмендегідей оқу іс-әрекетінің түрлері арқылы

жүзеге асады: тіл дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру, сауат ашу

және жазу негіздері, мемлекеттік, орыс және басқа тілдерді үйрету. Бала тілін

дамытуда басты назарда болатын мәселелер: тілдің дыбысталу мәдениетін

тәрбиелеу, сөздік қорын молайту, тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру,

байланыстырып сөйлеуге үйрету, шығармашылық сөйлеу әрекетіне бейімдеу.

        Мектепке дейінгі тәрбие мен білім

беруде  баланың тілін дамыту білім

сапасын арттыруға ықпал етеді, ол үшін жалпы жағдайларды жақсарту және ана

тілінде сөйлеу, тілдік орта қалыптастыру басты міндет болып табылады. Бұл

міндетті жүзеге асыруда біріншіден, баланың тілін дамытуға арналған арнайы орта

жабдықтау қажет, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын

сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт. Екіншіден, балабақша басшысы мен

тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін

жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап,

оны жүзеге асыруға белсенділікпен атсалысуға және жағымды психологиялық

ахуалдың тұрақтануына ықпал етуі қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін

қанағатттандыру және балаға берілетін білім мен тәрбие үдерісі жайында ата-анамен

үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды. Үшіншіден,

балабақшаларда еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің

технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін

кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес

қосып отырғаны маңызды болмақ.

МКҚК №36 «Аққу» бала бақшасы Ортаңғы топ тәрбиешісі: Ахмедьярова А.А

Просмотров: 319


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст