"Бэйби Бум" ЖШС қарамағындағы  "Аққу" балабақшасы
Детский сад  "Акку" при ТОО "Бэйби Бум" 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отаңғы топқа арналған ата-аналар жиналысы

13.01.2017

Отаңғы топқа арналған ата-аналар жиналысы

 

Тақырыбы:  Кеш жанұялық қонақтар бөлмесінде «Біздің

балаларымызға не және қалай айтамыз. Мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендіру»

 

Күн тәртібі

 

1.Көңілді шеңбер

2.Баяндама «Біздің балаларымызға не және

қалай айтамыз. Мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендіру»  Тәрбиеші: Ахмедьярова А.А.

3.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.  Тәрбиеші: Ахмедьярова А.А.

4.Ойын: «Балаңызға деген сүйіспеншілік»

5.Дәрігерлік кеңес: «Тұмаудан сақтанайық»

6.Әр түрлі сұрақтар.

7.Жиналыстың аяғы.

 

Жиналысты жүргізу.

 

1.Көңілді шеңбер

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз

үй сияқты біздің балабақшамыздың,тобымыздың қабырғалары мықты болып,

шаңырағы биік болсын дегім келеді.

2.Баяндама«Біздің

балаларымызға не және қалай айтамыз. Мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендіру» Тәрбиеші Ахмедьярова А.А. оқиды.

Бүгінгі таңда ата-ана мен тәрбиеші арасындағы

ортақ мәселе-бала әрбиесі екені баршамызға мәлім. Ата-ана үшін бала өмір

жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы

десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады.

Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен

байланыстырады. Бала тәрбиесінің қай саласында болсын, ата-ананың өнегесі үлкен

рөл атқарады. Отбасы-бұл баланың өмір сүру ортасы қамқорлықтың  тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым

біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың

мейірім шуағын сезінетін орын. Отбасында тұрақты, жылы жағдай қалыптасқан

болса, ондай ортада тәрбие алып өскен бала да жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің

даму әлеуметіне көтеріле алады.

 

3.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

«Коммуникация» білім беру саласына тіл дамыту,

көркем әдебиет, орыс тілі, драма ұйымдастырылған оқу қызметтері жүзеге

асырылады. Бұл оқу іс-әрекеттерінде балалармен еркін қарым-қатынас жасау

дағдыларын дамыту, балалар әрекетінің түрлі нысандары мен түрлерінде балалардың

ауызша сөйлеуін дамыту, балалар әдебиетіне, сөзге қызығушылықты дамыту.

«Таным» білім беру саласына қарапайым

математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған

оқу қызметтері жүзеге асырылады. Бұл оқу іс-әрекеттерінде балалардың  сенсорлық қабілеттерін, алғашқы ойлау

операцияларын, жиын туралы қарапайым түсініктерін дамыту, жаратылыстану бойынша

түсініктерін, тірі және өлі табиғат жайлы білімдерін, танымдық қызығушылықтары

мен шығармашылық қиялды қалыптастыру.

    

«Әлеумет»білім беру саласына қоршаған ортамен таныстыру, экология

негіздеріұйымдастырылған оқу қызметтері жүзеге асырылады. Бұл оқу іс-әрекеттерінде

отансүйгіштік сезімдерін, әлемдік қауымдастыққа қатысты сезімдерін тәрбиелеу,

өзінің еңбегіне, басқа адамдардың еңбегі мен оның нәтижелеріне құндылықты

қатынасқа тәрбиелеу, құрдастарымен сыпайы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

4.«Балаңызға деген

сүйіспеншілік» ойыны өткізіледі.

Баланың

жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын

қалайсыз? Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай

қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол

жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып

қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда

ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы

баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

5.«Тұмаудан сақтанайық»дәрігерлік

кеңес.

Тұмау-бұл тыныс алу жолдарының, вирустар

туындататын ең көп таралған аурулары. Олар науқас адамнан ауа-тамшы жолымен

жұқтырылады.

Негізгі белгілері: мұрынның бітелуі, тамақтың

жыбырлауы, дауыстың қырылдауы, жөтел, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бұлшық

еттердің ауырсынуы және т.б.

Тұмау балаларда құсумен, іш өтумен, тыныс алуының

қиындауымен білінуі мүмкін.

6. Әр

түрлі сұрақтар.

-Күн тәртібі

-Сабақ кестесі

-Таңертеңгілік жаттығу

-Үйірмелер

-Төлем

-Оқу құралдары

-Спорттық киімдер

 

7.Жиналыстың аяғы.

Жиналыс сіздердің көңілдеріңізден шықты ма? Қандай

қосатын жиналысқа өзгерістеріңіз бар?

Жиналыстың

шешімі:

1.Күн тәртібін  ата-аналар орындайды.

2.Оқу іс-әрекетіне көмегін

береді.

3. Тұмаудан сақтануды ұсынады.

Просмотров: 298


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст