Мектепалды даярлық тобына
арналған Жаңа жылдық ертеңгілік
«Алтын балық!» Кейіпкерлер: 1. Жүргізуші – 2 2. Шал 3. Кемпір 4. Алтын балық 5. Клоун – 2 6. Аяз ата 7. Ақшақар 8. Ескі жыл - Жылан 9. Жаңа жыл – Жылқы Ән әуенімен: Әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді. 1 жүргізуші: Барлық жандар бір білекке қосқан үн Бақытты боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той боп жаңа жыл Құтты болсын жаңа бақыт достарым. 2 жүргізуші: Басталарда жаңа әлем, Құйылады жаңа нұр. Жүрекке арман бөлеген, Қош келіпсіз, жаңа жыл! 1 жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Алтын балық!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 2 жүргізуші: Осындай ғажап тілекпен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік. Алыстан дауыс естіледі: Көк теңіз аралдың жаныңда шалмен кемпір өмір сүріпті, Кішкентай нашар аулада бірнеше ғасыр бірнеше жыл тұрыпты. Шал балық аулайтын, кемпір тоқма тоқитын. Сонымен ... Шал ауламайды, кемпір тоқымайды, Өйткені оларда алтын балық бар еді, Адам даусымен сөйлейтін, Кез келген тілекті орындайды. Балық: Шал, шал жетеді енді ұйықтауға, Жаңа жыл жақындап қалды, ал сендерде ештене дайын емес. Шал: (тартынады) Ол да дұрыс, алтын балығым, ал бізге шырша бола ма? Әдемі, сұлу, жалт - жұлт еткен әдемі болсын! (муз. әуенімен жарық жанады, шырша тұрады). Шал: Ой рахмет саған, алтын балығым, мерекеде шалды риза қылдың ғой! Әй, кемпір,тұрсайшы. Тұр,- деймін, бізде мереке ғой! Қарашы, алтын балық бізге қандай шырша сыйлады. Кемпір: (тартынып, тұрады) Ой, ұйқыда бермедің ғой! мереке, мереке –деп айғалап. Жарайды, мерекеде ұрыспайық. Жаңа жылды қалай қарсы аламыз ойланайық, шал. Шал: Қалай қарсы аламыз! Біздікінше – ән айтып, би билеп, ойын ойнаймыз Кемпір: Мен саған көрсетемін! Армандадың ғой өзің! Күні бойы ән айтып, би билейін деп едің? Теледидарымыз да сынып қалды,қырсыққанда. Бәрін де көріп, қызыққа тояр едік. Шал: Тыңда кемпір, мүмкін алтын балық теледидарымызды жөндеп берер? (балығы бар шелекке жақындайды) Балық: Әй, шал саған не керек? Шал: О – о - о алтын балығым, теледидарды жөндеп берші. Балық: Ой, шал менің қолымнан келмейді ғой! ренжіме, көмектесе алмаймын. Кемпір: Мүмкін жаңа плазмалық теледидар сыйларсың. Балық : Ой, қуана - қуана көмектесер едім, қолымнан келмейді. Мүмкін жаңа шара, немесе үй, мүмкін ханшайым боларсың. Кемпір: Жоқ, ханшайым болғым келмейді. Мен жаңа жылдық бағдарламаны көрсем деймін. Балық: Жаңа теледидар сыйлай алмаймын, ал жаңа жылдық бағдарлама мен көмектесейін. Уайымдамаңдар, отырыңдар, бәрі болады, сендерге жаңа жылдық бағдарлама да. (Музыка, әуенімен екі сайқымазақ кіреді) 1-ші сайқымазақ: Армысыздар, халайық! 2-ші сайқымазақ: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне де орын жетті ме? 1-ші сайқымазақ: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз. 2-ші сайқымазақ: Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық. 1. Ән: «Жаңа жыл» (бір шеңбер жасайды) 1-ші сайқымазақ: Біз мында жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік. 2-ші сайқымазақ: Балалар! Мен сендерге шығыстың түні қандай болатынын көрсетейін бе? Оны көру үшін бір көзінді жұмасын, ал екінші көзімен мына жәшіктегі тесікке қарайсын. Сонымен, ғажайып басталады..... (Ойынға қатысушының үстіне қара плащ жабады, ойыншы тесікке қарайды, бірақ ештеңе көре алмайды). 2-ші сайқымазақ: Қалай, көрдің ба? (Ойыншы ештене көрген жоқ) 2-ші сайқымазақ: (ашуланып): Бұны қалай түсінуге болады? Бұл не сұмдық сен ештене көрген жоқсын ба? Сен қараңғылықты көріп тұрсын. Ғажайып, жұмбақ шығыс түні дегеніміз осы ғой. 1-ші сайқымазақ: (күліп): Ой, қойшы күлкімді келтірмей. Сондай да фокус болады екен. Одан да менің сыйқырымды қара. Ал енді ойын ойнайықшы. 2. Ойын: «Бәрі керісінше» Шарты: Сайқымазақтар айтады біз отырдық, ал балалар айтады біз тұрдық. Біз-жыладық, ал біз-күлдік. 3.Тақпақтар:(Қ.Біржан,К.Амира,Д.Малика,А.Дінислам,И.ЖанельЕ.Анель) Кемпір: Қандай ақылды балалар мерекені көңілді қарсы алып жатыр. Шал: Ия, олар ақылды, көңілді. Ал бізде не? Ойын сауық жоқ, дастарханға қояр түгіміз жоқ.Сен кемпірім, тамақ пісіруден де қалдың, алтын балыққа сеніп ап. Кемпір: Өзіңе қарап ал, шал! Бұрын теңізге барып балық аулаушы едің, ал қазір бақаны да ұстай алмайсын. Шал: Мен бе! Мен. Кемпір: Ұстай алмайсын. Шал: Түк түсінбедім, жарайды.Сенімен ұрысқым келмейді. Адамдарға күлкілі болғанша, олар сен туралы көп өлеңдер айтады. Кемпір:Сен туралы да өлеңдер аз емес. Шал: Кәне біреуін айтып берші, білмейсің бе а-а. Кемпір: Иә мен кәрімін, есімде ештене қалған жоқ. Ал мейрімді адамдар қалай ойнап жүр. Кәне шал жүр балалармен ойын ойнайық. 4.Ойын: «Ұлпа қиыршықтары» Сайқымазақтар мақтадан жасалған қар ұлпаларын бірнеше балаға ұсынады. Әрбір ойыншы осы қар қиыршықтарын жерге түсіріп алмай қасықпен екінші ыдысқа апару керек. 5. Тақпақтар:(Ж.Жанель, И.Жансая,С.Даниал,К. Гүлназ,К.Адель,Қ.Жұлдыз) 6. Ән: «Ала қар» (екі шеңбер жасайды) 1. жүргізуші: Бұрыннан болған екен Аяз ата Тосады екен балалар қысқы уақытта Ақшақарды қасына ертіп алып Жер бетін шарлайды екен дамыл таппай. 2. жүргізуші: Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақыралық. Сайқымазақтар: Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық! (Аяз ата, Ақшақар, Жылан кіреді) Аяз ата: Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға Бүлдіршін балаларға бip сәлем! Қандай жарқын жүздерің, Қандай әсем жырларың Асулармен алысқан, Асау желмен жарысқан Аталарың сендерге Шаршап келді алыстан (Балалармен амандасады)
Ақшақар: Келді міне Жаңа жыл Қуанышпен біздерге Құтты болсын қуаныш Құттықтаймыз сіздерді! 1.жүргізуші: Балалар, қараңдаршы ортамызға ескі жыл – жылан жыл да келіпті. Жылан жылы: Сәлеметсіздер ме балалар! Балаларым, қарағым, Күнім, нұрым, жанарым! Орындалып ойларың, Құтты болсын тойларын БИ: Жұп биі. Ақшақар: Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша жан», «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады). Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік. 7.Ән: «Ақшақар» (шеңбердің ішінде екінші шеңбер) Ақшақар: Кәне, балалар енді бар өнерлеріңді ортаға салыңдар, Аяз ата шаршағанын бассын. 8.Тақпақтар: (Е.Марям,Б.Дархан,Е.Аружан,Д.Жанель,Қ.Амина,Е.Темірлан) 9. Би: «Цыган» Аяз ата: Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бәрімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел. (Музыка әуенімен жылқы әдемі жүріспен кіреді) Жылқы: Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалған екенсіздер. Жылан жылы: Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12 жылдан кейін қайта кездесерміз. Жылан жылы: Жасампаз заман бұл заман, Бүгіннен ертең ғаламат. Алдыңғы сапта боларсың, Келер жыл саған аманат. (Жылан жылы, жаңа жылмен құшақтасады.) Жылқы жылы: Аман болсын халқымыз, Арта берсін даңқымыз. Дами берсін үздіксіз, Жаңа дәстүр – салтымыз Жылан жылы: Хош сау болыңдар,балалар! (билеп жүріп шығып кетеді) 2.жүргізуші: Қоштастық міне ескі жылменен. Кәне құшақ ашайық, тойымызды жалғастырайық. 1. жүргізуші: Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр. Жаңа жыл (Жылқы):Өмір бізде қайғы мұңсыз, Жаңа жылды қарсы аламыз. Міне, біздің шырша сұлу, Шақырады біздерді. 10.Би: «Әдемі ұлпалар» Ақшақар: Тамаша! Жарайсыңдар балалар, өнерлеріңді ортаға салыңдар. Аяз ата: Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір дем алайын. Уф, шаршағаным-ай! 2 жүргізуші: Иә, иә, демалыңыз, ортаға отырып, балаларыңыздың өнерін көріп, базарлығыңызды да дайындап қойыңыз. Ал балалар, сіздерге ағылшын тілінде дайындаған тақпақтарымен өленің айтады. 11.Ағылшын тілінде тақпақтар мен өлең. Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар.Өнерлерің өрге жүзсін. Қанаттарың талмай, әрі қарай самғасын. Сайқымазақтар: Күштерін әлі бар ма? Шаршаған жоқсыңдар ма? Онда бәріміз ән айтайық. 12.Ән: «Жаңа жылда жаңа жыр» Аяз ата: Кәне, Ақшақар сыйлықтарымызды сыйлайық. Ақшақар: Сыйлықтар қайда? 1-ші сайқымазақ: (күліп): Сыйлықтар мында. (қапты ашады, оның ішінде екінші сайқымазақ отырады). Біз сендерді алдадық. 2-ші сайқымазақ: (күліп): Міне, сендердің сыйлықтарын. Жаңа жыл құтты болсын! Аяз ата: Балалар,бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің тамаша әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, сендер сияқты балалар тосып отыр. Ал енді біз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар! Ақшақар: Сау болыңдар, балалар, Аман – есен болыңдар. Әр таңды қуанышпен Қарсы алып тұрыңдар! 1 жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз шығарып салайық! Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар! (Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді) Шал: Иә кемпірім осымен жаңа жылымызда келіп қалды. Кемпір: Қандай тамаша! бағдарлама болды, рахмет саған алтын балығым. Балық: Қала нұр, дала нұр Құтты болсын Жаңа жыл! (балық кемпір мен шалға сыйлық береді) Жаңа жыл: (Жылқы) Жаңа жыл,жаңа жыл Жаңа жылда -жаңа жыр Жаңа жыл құтты болсын. Сайқымазақтар: Алақай, алақай жаңа жыл құтты болсын. Жүргізушілер: Ән тыңдап, би биледік бүгін тойда, Қалады бүгінгі күн ойымызда. Демалып Жаңа жылға қадам бастық, Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!
|