Тақырыбы: «Көңілді отбасылық сайысы»
Мақсаты:
«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: отбасында үйлесімді қарым-қатынас жасауға үйрету.
Дамытушылық: отбасы мүшелеріне қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту.
Тәрбиелік:
отбасындағы өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Отбасы туралы суреттер, балалардың сурет көрмесі, фото
коллаж, ағаш.
Тәрбиеші: Қымбатты
балалар, құрметті қонақтар, бүгін біз «Көңілді отбасылық сайысы»атты ашық
сабаққа жиналып отырмыз.
Отбасы-әр адам баласына туғаннан қажет. Осы сөз бәрімізге таныс.
Бұл сөз жылу, махаббат, бақыт береді. Отбасыз өмірде тұру мүмкін емес.
Тәрбиеші:
Балалар, бүгін бізге қонаққа Білгіш келіпті.
Білгіш:Сендерде
балабақшада сабақ болатынын біліп, отбасы туралы қаншалықты білетіндерінді
білгім кеп, ата-аналар мен балаларға тапсырма әкелдім.(тапсырмаларды тәрбиешіге
береді)
Тәрбиеші:Ендеше,
бүгін біздіңқонағымыз бол.
Тәрбиеші:
Бүгінгі сайысымызда үш отбасы қатысады.
Ортада:
1.Базарбаевтар
отбасы
2.Нұрлановтар
отбасы
3.Ержановтар отбасы
1-отбасы
«Болашақ»
Ұраны: Болашақ тобы
алға,
Биіктерге самға
Достығымыз барда
Жүреміз тек алда.
2-отбасы «Шаңырақ»
Ұраны: Шаңырақ тобы
алға, биіктерге самға!
3-отбасы «Қамқоршы»
Ұраны: Әкем, шешем
және мен,
Тату-тәтті тұрамыз.
Сыйластықпен, махаббатпен,
Сауық-сайранқұрамыз!
Тәрбиеші:Білгіштің
әкелген тапсырмаларын көрейік.
1-тапсырма. «Отбасы», «Жанұя», «Туысқан» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
-Отбасыларыңда бір-бірлеріңді
қалай еркелетіп атайсыңдар?
-Отбасында
жақындарын қандай істерімен қуантады?
-Туысқандарыңмен
қандай қарым-қатынас жасайсыңдар?
Балалар:
Инжу:
Сенде де бар жанұя,
Менде де бар жанұя.
Балықта да, малда
да,
Құстарда да, аңда
да,
Үлкенде де, кішіде,
Жанұя бар әрбір
кісіде.
Мади:
Ең жақын адамдар
Әкем мен анм бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам
бар...
Бәрін жақсы көремін
Еркелеймін, еремін!
Ксения
Аға деген,
Іні деген-
Барлығы бір
туысқан.
Аға деген,
Іні деген-
Жаралғандай
құрыштан,
Аға, іні-туысқан.
2-тапсырма. Сөздерден мақал-мәтел құрастыру.
-Үйің үй-ақ екен
ішінде ойнайтын баласы болса.
-Тату үйдің бақыты
тасар, ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар.
-Ата-анаңа
құрметпен қара, әдеппен сөйле.
Балалар:
Саусақ гимнастикасы «Менің жанұям»
Бір үйде біз
нешеуміз?
Кел, санайық
екеуміз.
Бас бармағым-атам, үйдің данасы,
Балаң үйрек-әжем,
ошақ анасы.
Ортан терек-әкем, отау панасы,
Шылдыр шүмек-шешем,
шаңырақ ажары.
Титтей бөбек-мен, бәрінің базары.
Бір үйде біз
нешеуміз?
Бір үйде біз
бесеуміз.
Ойын:
«Тату-тәтті отбасы»
Тәрбиеші балаларға
әр отбасының құрамы әр түрлі болатынын айтады. Балалар тәрбиешіні: «Тату-тәтті
отбасында 3 адам, 4 адам, 5 адамнан т.с.с. тұрады» деген нұсқауы бойынша
айтылған санға сәйкес тез топтасып, бір-бірімен құшақтасады.
3-тапсырма.Ертегіні тап (мозайкадан ертегі құрастыру).
Әр ата-ана баласына
ертегі оқу керек, біздің ата-аналар балаларына ертегі оқып отырады ма, соңы
қазір білеміз.
«Алтын жұмыртқа»,
«Бауырсақ», «Шалқан».
Мозайканы құрастырып,
ертегіні қызықтырып айту керек.
-Балалар, сендерге
қандай ертегі ұнап қалды? (балалардың жауабы)
Балалар: Шығармашылық
жұмыс.
Балалар
геометриялық пішіндерден отбасын құрастырады.
Тәрбиеші: Балабақшаға
сендер күнде келесіңдер. Сендерге ұнайды ма? Біз бәріміз бірге балабақшада күні
бойы боламыз. Біздің арамызда достастық та, сыйластық та, бір-бірімізге
көмектесу бар. Біз де сендермен бір отбасы боламыз. Біздің топта әдемі ағаш
өсіп қалды. Ағашта кімді көріп отырмыз? Кімдер жетіспейді?
Балалар:
Балалардың жауаптары (балалар, ата-аналар). Ата-аналар мен балалар өз
суреттерін немесе бір топта отырған достарын ағашқа жабыстырады.
Білгіш: Құрметті,
ата-аналар
мен балалар! Сендеротбасы,
жанұя туралы көп нәрсе білесіңдер. Бүкіл тапсырмаларды орындап шықтындар.Мен сендерге тапсырмалардан басқа, сыйлықтар да әкелдім.
(ата-аналарды
мақтайды, мадақтайды).