Текст
Бүгін, яғни 04 мамыр күні №36 «Аққу» балабақшасының №5 «Гүлдер»
ересектер тобының тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері Көкшетау
қаласында орналасқан «Өлкетану» мұражайына
барды. Мұражайда бағалы бұйымдар мен
заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор бар. Балалар мұражайды
аралап жүріп өздерінің қаншалықты таң қалғандығын жасыра алмай, өздерінің
сезімдерімен, пікірлерімен бөлісті.