Тәрбиеші- балабақша жүрегі
Еліміздегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарамастан ең қажетті
өзекті мәселелердің бірі-жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру.Халқымыздың
адамгершілік,тұлғалық мәнін жан-жақты дамыту үшін әр баланың сезім нәзіктігін сезіну,талғампаздық
кабілеттерін қалыптастыру қажет.Себебі бүлдіршіннің
әсемдікті,ізгілікті,қуанышты,жақсы мен жаманды сезінуі оның саналы
іс-әрекетімен жағымды мінез құлқының орнығатыны сөзсіз.Балалардың әр нәрсеге
құштарлығы бұл табиғи нәрсе.Эстетикалық сезім балалардың бойында табиғаттағы
әсемдікті қабылдаудан басталады.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын
ұлы мақсат-саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ғұлама
ғалым,ұстаз,ойшыл,философ Ахмет Байтұрсынов «Бұл заманда қол жетпегендерді
теңдікке жеткізетін,әлсіздерге күш беретін-өнер,білім». Ата қанымен,ана сүтімен бойымызға сінген
қасиеттер:үлкенді сыйлау,құрметтеу,адамгершілік,ізгілік,ұяңдық.Осы ұғымдарға
түскен көлеңкені жоюдың бірден бір жолы,ұрпақ тәрбиесін балалардың оқуын жүйелі
түрде өз ұлтымыздың әдебиетімен байланыстыру тәрбиешінің міндеті.
Қазақ
халқының көрнекті педагогы Ыбырай Алтынсарин «Халық мүдделері үшін ең
керектісі-тәрбиеші ұстаз»деп тәрбиеші ұстаздың баланы оқыту мен тәрбиелеу
ісіндегі жауапкершілік міндетін жоғары бағалаған
Тәрбиенің
нәтижелі болуы тәрбиешінің білім беруде тиімді әдістер мен тәсілдерін игерумен қатар,тәрбиешінің
балалармен қарым-қатынасына,сөйлеу шеберлегін,келбетін,қимыл мен ойынды
орынды пайдалана білуіне
байланысты.Мұның бәрі тәрбиешінің білім беруіндегі қызметін танытады.
Тәрбиешінің
кәсіптік этикасы әрбір бүлдіршіннің жақсы көруі,баланың көз қарасының қандай
екенін бақылау,әр түрлі ерекшеліктерін тану арқылы көрінеді.Тәрбиеші
бүлдіршіндердің артықшылық белгісін,кемшілігін,олардың мүмкіндіктері мен
қызығушылығын білу керек.Бұл тәрбиешінің кәсіптік этикасы ғана емес,педагогтық
қабілетін,әдіскерлік шеберлігін де көрсетеді.
Ұрпақ
тәрбиесін негізсіз қалдырмай өз мәнінде қай саладан болсын дұрыс тәрбиелі
жолмен өткізген дұрыс.Болашақ ұрпақты саналы тәлім-тәрбие негізінде тәрбиелеп,балаларды
өнерге,білімге насихаттап,ұстаздарды ұрпақ тәрбиелеуде халқымыздың адал
қасиеттерін,ұлттық сана сезімін бүлдіршіндердің бойына дарыта отырып,өнерлі де
білімді болып тәрбиеленсе деймін.
Ұлттық тәуелсіздігімізді нығайтуда,бірлік татулығымызды
ұстана отырып,салауатты қоғам құруда жас ұрпақтың тәрбиесі аса маңызды іс болып
табылады.
Олай
болса тәлім-тәрбие негізін қалай отырып,отанын сүюге халқымыздың әдет-ғұрпын сақтап,тәрбиелі де
саналы ұрпақ тәрбиелеуге бар күшімізді жұмсауымызды қажет деп білемін.